Ел жаңалықтары

Алматыда аса қатыгездікпен өлтірілген Аяжан Еділованы жер қойнына тапсырды

  • Алматыда аса қатыгездікпен өлтірілген Аяжан Еділованы жер қойнына тапсырды

    Алматыда аса қатыгездікпен өлтірілген Аяжан Еділованы жер қойнына тапсырды

Алматыда аяусыз өлтірілген 19 жастағы Аяжан Еділованы жер қойнына тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "Не Молчи" қорында хабарлады.

"Бүгін, 2021 жылы 16 сәуірде Аяжан Еділова жерленді! Көңілді, белсенді, мақсат анық, еңбекқор қыз 20 наурызға қараған түні кісі қолынан қаза болды. Туыстары Аяжан денесінің қалдықтарын мырыш табытта қабылдап алды ... Орны толмас қайғы, иманда болсын", - деп жазды қор өкілдері.

Еске салсақ, осыған дейін 19 наурызда Алматыда 19 жастағы қыз түнде жұмыстан шығып үйіне оралмағаны туралы жазғанбыз.

Кейін жоғалып кеткен Алматы тұрғыны Аяжан Еділова өлі күйінде табылды.  Алматы полициясы күдіктіні - Түркістан облысының тұрғыны, 1993 жылы туған азаматты ұстады. 

Полиция пәтерге шабуыл жасаған кезде ол өзін өлтіруге тырысты.

Сосын Алматыда өлтірілген Аяжанның туыстары сұхбат берді. Сұхбат кезінде қыздың туыс ағасы оның басын қайнатып, тісін, тырнағын бөлек жұлып алғанын айтты. 




Көрілген: 551    Пікірлер: 0

жұма, 16.04.2021, 14:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Мамыр, 19:58
    39 С ° ыстық болады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31