Ел жаңалықтары

Алматыда әйелді қағып өлтірген полицей кінәсін толық мойындады

  • Алматыда әйелді қағып өлтірген полицей кінәсін толық мойындады

    Алматыда әйелді қағып өлтірген полицей кінәсін толық мойындады

Бүгін, 14 маусымда сағат 07.00-де Алматы қаласы Алатау ауданында жүргізуші, полиция қызметкері Т.есімді азамат Hyundai Elantra маркалы қызметтік көлігін басқарып, Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытта жүріп келе жатқан.

Кенет маневр жасай бастаған көлікпен соқтығыспас үшін Т.есімді полицей автокөлік жуу орнының шығыс жағына қарай шығып кетіп, сол жерде жаяу жүргіншіні - С.есімді азаматты қағып кетті, сондай-ақ, жүргізушісі көлігінен тыс жерде тұрған «Газель» автокөлігін соққан. Көлік қаққан әйел мерт болды.

Әлеуметтік желіде жол апатына себепкер болған полицей Бақтияр Төлеутайұлының бұл жағдайға қатысты жауап беріп, өзінің толық кінәлі екенін мойындаған видеосы тарады.

«Мен Төлеутай Бақытжан Қайыржанұлы, Алматы қаласы Алатау ауданында полиция қызметінде жұмыс істеймін. Бүгін Өтемісұлы көшесімен оңтүстік бағытқа қарай кетіп бара жатқанымда алдымнан автокөлік солға қарай бұрылмақшы болып, мен одан қашып, жол-көлік оқиғасын болдырмас үшін сол жаққа қарай - автожуу жаққа қарай бұрылып кеттім. Сол кезде байқаусызда әйел адамды қағып кеттім. Кінәмді толық мойындаймын. Ол кісінің отбасына шын көңілден қайғырып көңіл айтамын», - деді ол.

Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 345-бабы, 3-бөлімі бойынша тіркелді. Қылмыстық істі Алматы қалалық ПД анықтау басқармасы жүргізуде.




Көрілген: 714    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.06.2021, 15:37

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31