Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда болған төтенше оқиғаның видеосы тарап кетті - мән-жайы айтылды

09 тамыз 2020, 20:19

Желіде алматылық стадионда түсірілген видео жарияланды. Куәгерлердің бірі жүргізуші шенеуніктің немесе бизнесменнің ұлы екенін айтып отыр

Желіде Алматыда мас жүргізуші "Спартак" стадионына барып, көлікпен адамдарды баса жазбаған сәттің видеосы қызу талқыланып жатыр.  

Видео 24news_kz Instagram парақшасында жүктелген. Автор оқиға 8 тамыз күні болғанын жазған. 22 жастағы жігіт көлікпен футбол алаңының қоршауын бұзып, адамдарды қағып кете жаздады.

Кадр сыртында бала мен ересек адамның даусы естіледі. 

"Бес жасар бала футбол қақпасының торынан шыға алмай, әрең дегенде аман қалған. Зардап шеккендер жоқ. Бастапқыда біз жүргізуші газ бен тежегішті шатастырып алды деп ойлаған едік. Көлік бір тоқтап, бір қозғалды. Жүргізуші терезені ашып: "Дәулет!" деп айқайлады (өзінің інісін іздеп жүрсе керек). Сол кезде ғана адамдар жүргізуші мас екенін түсініп, жан-жаққа қаша бастады. Кейбір адамдар трибунаға шығып кетті", - дейді оқиға куәгері.

Жазбада жүргізушінің туыстары таныстарына хабарласып, жазадан құтылуға көмектесіп жатқаны жазылған.

"Полиция жігітті Медеу аудандық полиция бөлімшесіне алып кетті.  "Порше", "Лексус" көліктерімен кісілер келіп жатты. Киімдерінен тойдан шыққаны көрініп тұр. Куәгерлердің бірі жүргізуші шенеуніктің немесе бизнесменнің ұлы екенін айтып отыр", - дейді автор.

Sputnik Қазақстан ресми ақпарат алу үшін Алматы қаласы полиция департаментіне хабарласты. Полиция ақпаратты нақтылайтынын жеткізді.