Ел жаңалықтары

Алматыда бір түнде мемлекеттік нөмірі жоқ 50 автокөлік ұсталды

  • Алматыда бір түнде мемлекеттік нөмірі жоқ 50 автокөлік ұсталды

    Алматыда бір түнде мемлекеттік нөмірі жоқ 50 автокөлік ұсталды

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қала тұрғындары арасында мемлекеттік нөмірі жоқ көлікті мініп жүру сияқты заңсыз әрекеттер тыйылар емес.

«Бұл қалай болады? Бірнеше автомобиль жүргізушісі жиналады. Көліктерінің тіркеу нөмірлері әдейі алынған. Олар жарыс ұйымдастырады, яғни у-шу, жол ережесін ғана емес, азаматтардың тыныштығын да бұзу. Ең бастысы, жолда кетіп бара жатқан тұрғындардың өміріне қауіп төндіреді.

Өткен түнде арнайы батальон қызметкерлері тексеру жүргізіп, бір аумақтың өзінен мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ 8 автокөлікті ұстады. Екеуінің жүргізушісінде ешқандай құжат болмаған, үш көлікте дыбыс зорайтқыш құрылғылар заңсыз орнатылған, оларды кейін тәркіледі. Жоғарыда айтылған автокөліктер арнайы айып тұрағына қойылды», - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ, спикер қала жолдарын патрульдік полиция тәулік бойы тексеріп жүретінін атап өтті. Мұндай әрекеттердің жолы кесіліп, айыптылар жауапқа тартылады.




Көрілген: 273    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.09.2020, 20:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31