Алматыда бірқатар тұрғын үй мен нысандар газдан ажыратылады

18 қазан 2021, 01:48

Алматыда профилактикалық жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар тұрғын үй газдан ажыратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының мәліметінше, Д-720 мм орташа қысымды жерасты газ құбырына апатқа қарсы профилактикалық жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«Бостандық ауданының тұтынушыларына газды үздіксіз беру мақсатында газ құбырының учаскесін ауыстыру қажет. Осыған байланысты 18-19 қазан аралығында «Нұр Алатау» шағынауданының әл-Фараби даңғылы - Тоқжайлау - Қожакеев – Подгорная көшелері; Мирас шағынауданының Лисянский көшесі бойында орналасқан тұрғын үйлері мен нысандары газдан ажыратылатын болады», - делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта жөндеу-апаттық бригадалары газбен жабдықтау бойынша жұмыстың қалыпты режимін тез арада қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараны қабылдауда.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ АӨФ қала тұрғындарынан қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарауды сұрады.