Ел жаңалықтары

Алматыда екі жігіт Назарбаевтың ескерткішіне сәжде жасады (ВИДЕО)

  • Алматыда екі жігіт Назарбаевтың ескерткішіне сәжде жасады (ВИДЕО)

    Алматыда екі жігіт Назарбаевтың ескерткішіне сәжде жасады (ВИДЕО)

"Алтын ғасыр" Youtube-арнасына "Назарбаевқа сәжде жасап жатыр, масқара" деген тақырыппен видео жүктелді. Оны көрген көпшілік Алматы саябағындағы мүсінге табынған екі жігітті "Аллаға серік қосып жатыр" деп айыптауда, деп жазды paryz.kz.

Видео Алматыдағы Тұңғыш президент саябағында түсірілген. Онда екі ер адам саябақтағы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішінің алдында сәжде жасап, одан кейін оған маңдайларын тигізіп, тәу еткен.

"...Міне, қызық! Алматы қаласындағы Президент саябағы. Бейсенбі. Бүгін жұма да емес. Әне, адамдардың есі ауысқан", - дейді видео авторы.

Видео астына пікір қалдырған жұрт бұл көріністі "Депутат болайын деп жатыр", "Алла сақтасын, мұндай дінсіздіктен! Алла өзің сақтай гөр ұрпақтарымызды, мұндай надандықтан", "Мiне, жағымпаздықтың ақыры! Ойы таяз, рухани азғындыққа ұшыраған адамның осылай icтемесiне кiм кепiл?", "Бұл Аллаға серік қосу ғой" дегендей эмоциямен қабылдап жатыр.




Көрілген: 5982    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.01.2021, 09:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31