Алматыда ертең екі аудан уақытша жарықсыз қалғалы тұр

11 мамыр 2022, 17:55

Ертең оңтүстік астанадағы Алатау ауданына қарасты бірнеше ықшамауданда кезекті жөндеу жұмыстарына байланысты жоспарлы түрде электр қуатына ажыратылады. Сондай-ақ қаланың Жетісу ауданындағы кейбір абоненттерде жарық болмайды. Бұл туралы Алматының жарығына жауапты «Алатау Жарық компаниясы» АҚ-ның өкілдері хабарлады.

«12 мамырда жоспарлы ағымдағы жөндеу жұмыстарына байланысты жоғары вольтты желіні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін «Шаңырақ-2» ықшам ауданындағы жеке секторда орналасқан 1131 тұрғын үйге электр эенергиясын беру уақытша тоқтатылады. Сонымен қатар осы уақыт аралығында Әубәкіров, Жалаңтөс баһадүр, Қаракемер, сондай-ақ «Көк қайнар» ықшамауданындағы Абай көшелерінде жарығы болмайды» делінген «Алатау Жарық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Сонымен қатар, трансформаторлық қосалқы стансаның жабдықтарын ауыстыруға байланысты уақытша эдектр энергиясыз қалатындардың қатарында Жетісу ауданында орнадасқан №163 балабақша да бар. Сонымен қатар осы ауданда орналасқан бірнеше бизнес нысандары да жарықтан уақытша ажыратылатын болады.