Алматыда Жаңа жыл мерекесіне орай қандай шаралар өтеді

24 желтоқсан 2021, 10:27

Алматы қаласының мәдениет басқармасы санитарлық- эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуіне және "омикрон" штамының таралу қаупіне байланысты сақтық шараларын сақтауды еске салады

25 желтоқсаннан қаңтар айының соңына дейін Алматыда 60-тан астам түрлі іс шара өтеді.

Оның ішінде балаларға арналған ертеңгіліктер, театр қойлымдары, концерттер бар.

Жаңа жылға арналған мәдени іс-шаралардың бағдарламасымен Алматы қалалық мәдениет басқармасының Instagram парақшасынан танысуға болады.


Алматы қаласының мәдениет басқармасы санитарлық- эпидемиологиялық жағдайдың шиеленісуіне және "омикрон" штамының таралу қаупіне байланысты сақтық шараларын сақтауды еске салады.

"Алматылықтарға вакцинацияны жалғастыру керек, ал бұрын егілгендер ревакцинациядан өту қажет. Вакцинация пунктері жұмысын жалғастырады", - делінген жазбада.