Ел жаңалықтары

Алматыда жаппай вакцинациялау 13 сәуірден бастап қайта жалғасады

  • Алматыда жаппай вакцинациялау 13 сәуірден бастап қайта жалғасады

    Алматыда жаппай вакцинациялау 13 сәуірден бастап қайта жалғасады

Алматы қаласында жаппай вакцинациялау 13 сәуірден бастап қайта жалғасады. Бұл туралы қаланың қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматыда барлығы жаппай вакцинациялауға дайын. Қосымша күндерді кейінірек айтамыз. Әзірге бағдар 13 сәуірге келеді", - деді ол.

 
Нариман Табынбаев медициналық мекемелер мен емханалардан басқа, адамдар көп жиналатын орындарда, базарларда және сауда орталықтарында егу пункттері ашылғанын айтты.

"Қаланың шалғай аудандарында тұрғындарды вакцинациялау үшін біз жылжымалы медициналық пункттердің мобильді бригадалармен баруын жоспарлап отырмыз. Осындай төрт машина жабдықталды", - деп толықтырды Табынбаев.

Алматыда 396 егу бригадасы жұмыс істейді. Еріктілер мен денсаулық сақтау қызметкерлерін кезең-кезеңімен оқыту жүзеге асырылады.


Сондай-ақ, қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысының айтуынша, арнайы штаб құрылды, ол тұрғындар саны бойынша егу кабинеттерінің қажетті санын есептейді. Оңтүстік астанадағы екі миллион тұрғынның кем дегенде бір миллионына вакцина салу жоспарлануда.

Ведомство басшысының мәліметінше, Алматыда вакцинация басталғалы 68650 вакцина келді.

"Екпені 49160 адам салдырды. Қазір қалада 19 490 вакцина бар. Бізге 13 сәуірге дейін 69 мың вакцина келу керек. Айдың соғына дейін тағы 300 мыңнан астам вакцина алу жоспарланып отыр. Бұл сан әлі нақтыланатын болады, қазір арнайы штаб құрылды. Бұл дозалардың барлығы вакцинация пункттеріне таратылады". - деді Нариман Табынбаев.

Еске салайық, 5 сәуірден бастап Алматыда жаппай вакцинация уақытша тоқтатылды, бірақ осал топтардың өкілдерін COVID-19-қа қарсы жоспарлы екпе алуға шақыру тоқтамады. Бұған дейін үш күн бойы жаппай вакцинация сынақ режимінде жүргізілді.




Көрілген: 451    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 14:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31