Ел жаңалықтары

Алматыда жер сілкінісі жиіледі

  • Алматыда жер сілкінісі жиіледі

    Алматыда жер сілкінісі жиіледі

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыда тағы жер тербелгенін хабарлады. Оның мәліметінше, Бі­лім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейс­мо­ло­­гия­лық тәжірибе-әдістемелік экс­педи­ция­сы» мемлекеттік ме­ке­месінің (БҒМ ҒК СТӘЭ) сей­смикалық стан­са­ларының желісі 2020 жылғы 20 қыр­күйекте Алматы уақытымен сағат 01.14-те жер сілкінісін тіркеді.

«Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 222 ша­­­­қырым жерде, яғни Талдықорған қаласына жақын жерде (Талдықорған қаласынан 10 шақырымда) орналасты. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты – 7.7. MPV магнитудасы 3,2 балға жетті. Эпицентрдің координаттары 44.90° с. е. 78.38° ш.б. Жер сілкінісінің тереңдігі – 10 шақырым. Сезілу туралы мәліметтерге тоқталсақ, МЅК-64 шкаласы бойынша Талдықорғанда 2-3 балл тіркелді», – деді ТЖМ.

Алматы облысының ТЖ департаменті дереу жергілікті атқарушы органдарды, Полиция департаментін, Қазселденқорғау, прокуратура және басқа да ұйымдарды оларға сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдайды нақтылау үшін хабардар етті. Ізінше жағдай нақтыланды. Меморгандар мен әкімдіктен қираулар мен қаза бол­ғандар туралы хабарламалар түскен жоқ.

Дегенмен осындай хабар жиі естіле бастағандай. Мысалы, былтыр 18 тамызда таңғы сағат 5-те зілзала болып, қалалықтар шошып оянған. Сонда сілкініс қуаты 5 балға дейін жетті.

2020 жылғы 19 қаңтар күні кешкі сағат 19.27-де Алматы қаласынан 370 шақырым қашықтықта жер қозғалып сала берді. Сонда алматылықтар 3-4 балдық дүмпуді сезінген.

Биыл 6 маусымда Алматы уақытымен сағат 6-да тағы да жер тербелісі тіркелді. Онда ол 25 шақырым тереңдікте болған. Талдықорған, Текелі, Қарабұлақта – 4 балл, Қапалда – 2-3 балл, Алматыда шамамен 2 балл болды.

 

aikyn.kz




Көрілген: 549    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.09.2020, 08:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31