Алматыда жол апаты салдарынан жедел жәрдем қызметкерлері жарақат алды

28 ақпан 2022, 14:56

Алматыда жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол апаты болып, көліктің жүргізушісі мен үш медицина қызметкері жарақат алды. Қазір полицейлер жол-көлік оқиғасының себебін анықтауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Жол апаты Райымбек пен Күдерин көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуларынша, жедел жәрдем көлігі Райымбек көшесімен шығыс бағытта қозғалған. 

Айналма жолға жақындағанда жедел жәрдем жүргізушісі белгісіз себептерін көлікті басқара алмай қалған. Көлік жол ортасындағы жарық бағаны мен жол белгісіне барып соғылған. 

Апат салдарынан үш медицина қызметкері мен жүргізушісі түрлі деңгейде жарақат алған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем зардап шеккендерді ауруханаға алып кеткен. 

Апаттың себебін анықтау үшін оқиға орнында жол полициясы жұмыс істеп жатыр.