Ел жаңалықтары

Алматыда жолаушылар автобусы қайыршыны қағып кетті

  • Алматыда жолаушылар автобусы қайыршыны қағып кетті

    Алматыда жолаушылар автобусы қайыршыны қағып кетті

Алматы қаласында жолаушылар автобусы қайыр сұрап жүрген ер адамды қағып кетті. Жаяу жүргінші оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Sputnik Kazakhstan.

 Қайғылы жағдай Жұмабаев пен Жансүгіров көшелерінің қиылысында орын алған. 33-бағыттағы автобус жүргізушісінің айтуынша, ер адам жол үстіне күтпеген жерден атып шыққан. Соның салдарынан жүргізуші тежегішті басып үлгермей, ер адамды басып кеткен.

Марқұмның денесін құтқару қызметінің мамандары автобустың артқы доңғалағының астынан шығарды.

Зардап шегуші дәрігерлер келгенше көз жұмды. Оның қалтасында ешқандай құжат болмаған.

Куәгерлер марқұмның қайыр сұрап күн көргенін және бұл қиылысқа күнде келіп жүргенін айтты.

Полицейлер марқұмның аты-жөнін, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.




Көрілген: 710    Пікірлер: 0

жексенбі, 28.11.2021, 10:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31