Ел жаңалықтары

Алматыда жұртты блокбекеттен өткізген 3 шенеунік 20 млн теңгедей айыппұл арқалады

  • Алматыда жұртты блокбекеттен өткізген 3 шенеунік 20 млн теңгедей айыппұл арқалады

    Алматыда жұртты блокбекеттен өткізген 3 шенеунік 20 млн теңгедей айыппұл арқалады

Төтенше жағдай режимі кезінде азаматтарды блокбекеттен өткізген Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Кеше Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық соты Жетісу ауданы әкімі аппаратының бас мамандары К. Әденов пен С. Оразовқа қатысты айыптау үкімін шығарған. Олар бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, екеуіне 4 077 500 және 13 300 000 теңге айыппұл салынып отыр.

«Сот оларға өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқаруға тыйым салды. Сонымен қатар, осы үкіммен азамат В. Уджур пара алу кезінде делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 430 000 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деп хабарлады агенттік.

Сондай-ақ, блокбекеттер арқылы кедергісіз өту үшін пара бергені және алғаны үшін екі адам сотты болып отыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің айрықша маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Данияр Бекайдаров мәлімдеді.

«5 мамырда Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының үкімімен қалалық Полиция департаменті патрульдік полиция полкінің инспекторы Б. Тыныштықбаев 1 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оған да мемлекеттік қызметте өмір бойы еңбек ету құқығы берілмейді. Ол ТЖ кезеңінде фильтрациялық блокбекеттен кедергісіз өткізу үшін азаматтардың бірінен 20 мың теңге пара алған», – деді Бекайдаров, бейсенбідегі онлайн-брифингте.

Сондай-ақ, ол 4 мамырда Атырау қалалық №2 сотының үкімімен Г. Тәуірбаев атты азаматқа 112 500 теңге айыппұл салынғанын хабарлады. Ол азамат блокбекет арқылы кедергісіз өту үшін Атырау облыстық ПД инспекторының шотына 15 мың теңге пара аударған.

 

 




Көрілген: 293    Пікірлер: 0

жұма, 15.05.2020, 10:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31