Ел жаңалықтары

Алматыда карантин кезінде жеке автокөлікпен кім жүре алады?

  • Алматыда карантин кезінде жеке автокөлікпен кім жүре алады?

    Алматыда карантин кезінде жеке автокөлікпен кім жүре алады?

Қала әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов карантин кезінде жеке автокөлікпен жүруге шектеу қойылғанын атап өтті

Алматыда карантин кезінде жеке автокөлікпен кім жүре алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановтың айтуынша, карантин кезінде жеке автокөлікпен жүруге шектеу қойылған.

"Жеке көлікпен тек медицина қызметкерлері, коммуналдық қызметкерлер, құқық қорғау және арнайы органдардың өкілдері, қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ететін дүкендердің өкілдері жүре алады. Қалған азаматтарға жеке көлігімен жүруге тыйым салынған", - деді Қожағапанов.

Сондай-ақ, қала тұрғындары жеке автокөлігімен азық-түлікке баратын болса, қажеттілік болғанын патрульге түсіндіре алуы қажет.

Қазақстанда коронавирустан көз жұмған үшінші науқас 204 адаммен байланыста болған

"Автокөлік иесі азық-түлік дүкеніне баруға аса қажеттілік бар екенін патрульге түсіндіре алуы қажет. Бізде партульде роботтар жұмыс істемейді, барлығының отбасы бар, олар мұндай жағдайларды түсінеді",- деді Қожағапанов.




Көрілген: 298    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.04.2020, 16:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31