Ел жаңалықтары

Алматыда карантин талабын бұзған 15 мекеме анықталды

  • Алматыда карантин талабын бұзған 15 мекеме анықталды

    Алматыда карантин талабын бұзған 15 мекеме анықталды

Алматыда карантин талаптарын қадағалайтын 40 мониторинг тобы күшейтілген режимде жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

9-10 сәуірге қараған түні Алматының мониторинг тобы компьютерлік клубтан, бардан және кафеден 300-ге жуық адамды шығарды. Құқық бұзушылардың басым бөлігі «Барвиха» түнгі клубынан анықталды. Жабық алаңда 60-қа жуық келуші болды.

Жалпы, Алматыда бір түнде белгіленген шектеулердің 15 бұзушылығы анықталды. Оның ішінде 13 нысан: мейрамханалар, кафелер мен дүкендер, бір компьютерлік клуб және түнгі клуб.Тексеру үшін полиция басқармасына барлығы 48 адам жеткізілді.

Әуезов ауданы бойынша: «RGB» компьютерлік клубы.

Бостандық ауданында: «75 Projest» лаунж бары жұмыс істеді, онда 40 адам болды.

Жетісу ауданы бойынша: «Эльнарус» кафесінде 40-қа жуық адам карантинді бұзған.

Медеу ауданында: «Барвиха» клубы. Онда 60-қа жуық адам болды.

Барлық мекеме иелеріне қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды.

Алматы қаласының әкімдігі тұрғындарды карантиндік шектеулерді ұстануға және жұқтыру қаупі жоғары нысандарға бармауға шақырады.




Көрілген: 418    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.04.2021, 11:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31