Ел жаңалықтары

Алматыда карантинге байланысты жаңа шектеулер күшіне енді

  • Алматыда карантинге байланысты жаңа шектеулер күшіне енді

    Алматыда карантинге байланысты жаңа шектеулер күшіне енді

 Оңтүстік астанада карантинге байланысты жаңа шектеулер күшіне енді. Бүгіннен бастап қаладағы негізгі сауда нысандары мен қызмет көрсету нысандарының жұмысы тоқтатылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Коронавирусқа қатысты жағдай біз ойлағаннан әлдеқайда қауіптірек болды. Қауіпті жете түсінбеу — жауапсыздық және қылмыспен пара-пар. Өкініштісі сол, карантинге немқұрайлы қарап, шектеу шараларын сақтамай, халықтың өмірін қауіп-қатерге тіккен жандар азаймай тұр.
Жұмысын жалғастырып жатқан спорт залдары мен мейрамханалар, санитарлық нормаларды сақтамаған азық-түлік дүкендері анықталды.
Мамандардың сөзіне құлақ аспай, көшеде қыдырып жүрген тұрғындар да бар. Тәртіпке бағынбағандар үшін қатаң шара қолданылады. Бұл ретте төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі қалалық жедел штабтың өкілдері қосымша шектеу шараларын қарастыруда", - деген шаһар басшысы қоғамдық көлік қозғалысының кестесіне өзгеріс енгізілетінін айтты.

Яғни, 26 наурыздан бастап, қалада қоғамдық көлік қозғалысы сағат таңғы 6:00-ден кешкі 19:00-ге дейін ғана жүреді.

Сондай-ақ, штабтың шешімімен негізгі сауда нысандары мен қызмет көрсету нысандарының жұмысы тоқтатылады.

"Бұл шешім тек дәріханалар мен медициналық ұйымдардың, азық-түлік дүкендері, жанар-жағармай стансаларының жұмысына шектеу қоймайды", - деді Сағынтаев.
26 наурыздағы жағдай бойынша, елімізде COVID-19 коронавирустық инфекциясы 88 адамнан анықталып отыр.

Бүгін олардың екеуі сауығып, ауруханадан шығады.

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 235    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.03.2020, 12:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31