Алматыда қаза тапқан ер адамның кім екені анықталды

04 сәуір 2022, 16:52

Бүгін Алматыда белгісіз ер адам аңшылық мылтықпен 1975 жылы туған азаматты атып кеткен болатын. Қаза тапқан адамның белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумков екені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл ақпаратты Алматы қалалық полиция департаментінде растады. Қазіргі кезде күдіктінің дәрігерді өлтіру себебі анықталуда.

Еске сала кетсек, 4 сәуір сағат 08:59-да "102" пультіне кісі өлтіру фактісі туралы хабар келіп түскен.

Қалада "Құрықтау" операциясы жарияланып, полицейлер күдіктіні Алатау ауданы аумағынан ұстады.