Ел жаңалықтары

Алматыда коронавирус 10-11 тамызда шарықтайды

  • Алматыда коронавирус 10-11 тамызда шарықтайды

    Алматыда коронавирус 10-11 тамызда шарықтайды

Алматыда коронавирустың шарықтау кезі 10-11 тамызға дөп келеді. Бұл туралы шаһардың бас дәрігері Нариман Табынбаев мәлімдеді, деп хабарлайды КТК.

Оның айтуынша, пессимистік болжам бойынша, осы кезде тәулігіне 1900 адамнан вирус анықталуы мүмкін. 

Аурудың мұншалықты асқынуын Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы "Дельта" штаммымен байланыстырады.

 
“2020 мен 2021 жылдың тамыз арасында 34 500 жағдай, ал қыркүйекте 4500 жағдай тіркеледі деп болжам жасалуда. 7 000 инфекциялық жүктемелік төсек-орын дайындалып отыр. Резервте қосымша 3 мың төсек орын жүктемесі бар. Егер жағдай ушықса, тағы да резервке 2 мың төсек-орын дайындау керек болады”, – деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев. 

Эпидемиологтардың есептеуінше, "Дельта" штаммы Алматыда 18 маусымнан бастап күрт тарады. Оның салдарымен күресу басқа штаммдарға қарағанда күрделірек.

"Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде" дейді ғой. Ауруды, әсіресе пандемияны болдырмау – біздің негізгі жұмысымыз. Сондықтан ақпараттық жүйелерді пайдаланып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ең алдымен үйден шыққанда маска тағып, арақашықтықты сақтау, көп адам жиналатын жерге бармау, жөтеліп жүрген адамның жанында тұрмау, тіпті лифтіде де адам көп болса, оны өткізіп жіберіп, адам жоқ кезде кіруге тырысу керек. Пандемияны тоқтататын негізгі себептердің бірі – қалалықтардың 70-80 пайызының вакцина алуы. Сол жағдайда ғана пандемияның қарқынын азайтып, тоқтатуға мүмкіндік аламыз. Сондықтан бәрі бізге байланысты. Вакцина алсақ, дәрігерлердің айтқанын істеп, той-томалаққа бармай жүрсек, коронавирусты тезірек тоқтатамыз деп ойлаймыз. Вирусты тоқтататын басқа күш жоқ. Бәрі өз қолымызда", – деп қосты Табынбаев.

Жыл басынан бері Алматыда коронавирустың 74 мың жаңа дерегі тіркелсе, оның ішінде 703 науқас қайтыс болған. Қазір қалада жеті мың инфекциялық орын дайындалуда. 

Жалпы елдегі ахуал да көңіл көншітпейді. Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 110 адам көз жұмып антирекорд жаңарды. Қазір 1461 науқас ауыр жағдайда ауруханада жатыр. 182 азамат жасанды тыныс алу аппаратына жалғанған. Вирус Қазақстанға келгелі 543 мыңға тарта азаматымыз осы ауруға шалдықса, өкінішке қарай, оның 5538-і бақилық болды.




Көрілген: 741    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.07.2021, 00:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30