Ел жаңалықтары

Алматыда коронавирусқа қатысты жағдай өршіп барады

  • Алматыда коронавирусқа қатысты жағдай өршіп барады

    Алматыда коронавирусқа қатысты жағдай өршіп барады

Алматы қаласындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай қауырт күйінде қалып отыр. Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Эпидемия басталғаннан бері сәуір айының 9-нан коронавирустық инфекцияның 39655 жағдайы тіркелді (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 1948,9), 2021 жылдың басынан бастап 21134 жағдай (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 1038,7), наурыз айында – 9525 жағдай, сәуірдің 8 күнінде – 5057 жағдай, соңғы тәулікте-717 жағдай тіркелді. Тәуліктік өсім 1,8 құрады. Соңғы 7 күнде 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық көрсеткіші 231,3 (215,2-ге қарсы)  ал алдыңғы 7 күндегі аурушаңдық көрсеткіші репродуктивті сан R-1,132", - деді ведомствода.

 
Департаментте қазіргі уақытта Алматы қаласында індеттің үшінші толқыны жалғасып жатқанын атап өтті.

"Індеттің алғашқы толқыны кезінде ауру шыңы 2020 жылдың шілде айында болды - 6372 жағдай, 2020 жылдың қазан айынан басталған екінші толқын шыңы биылғы қаңтар айында тіркелді - 3607 жағдаймен, үшінші толқын коронавирус инфекциясының мутацияланған штаммдарына байланысты наурыз айынан басталды (Оңтүстік Африка және британдық) - бүгінде 1 наурыздан бастап 14582 жағдай)", - деді Алматы қаласы тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде.

Ведомство мәліметінше, бір жасқа дейінгі балалар арасында КВИ-мен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады, бірақ бұл ретте жасөспірімдер арасындағы жағдайлар санының төмендеуі байқалады.

"Бұл жағдай мутацияланған вирустың нәрестелерге, балаларға және үлкен жастағы адамдарға – 60 жасқа және одан да көпке бағытталғандығын көрсетеді.

Алматы қаласында коронавирус инфекциясының мұндай өсуінің себептері ең алдымен Сovid-19 мутацияланған штаммдарының таралуымен байланысты.

Бұған дейін Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин карантиндік шектеу шараларына қатысты жаңа қаулысы жарияланды.




Көрілген: 313    Пікірлер: 0

жұма, 09.04.2021, 13:25

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31