Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда коронавирустың 1400 ошағы анықталды

07 тамыз 2020, 16:36

 Алматыда коронавирустың 1400 ошағы анықталды. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. тілшісі.

"Бүгінде біз ошақтарды бақылауда ұстап отырмыз. Үнемі тазалап, аймақты дезинфекциялайтын 1400 ошақ бар. Тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жасаймыз. Және үй карантинінің сақталуын қадағалаймыз.

Біздің эпидемиологтар 48 мың адамды анықтап, бақылауға алды. Олар науқастармен жақын байланыста болған", - дейді Жандарбек Бекшин.

Еске салайық, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 13 170-ке жетті. Оның ішінде, 7965 адам аурудан айыққан, жалпы 164 адам қайтыс болған.

Tengrinews.kz.