Алматыда коронавирустың жаңа толқыны бола ма: Бекшин жауап берді

07 қазан 2021, 15:03

Алматының бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирустың кезекті толқыны болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Батыс Еуропада, Америкада және Азияда жаңа мутациядан өткен штамдар анықталып, соған байланысты жаңа толқын басталып жатыр. Әр елде мутациядан өткен штамм анықталды. Бәрін алаңдатқан "дельта" бір елге ерте, бір елге кеш жетеді. Ал біздің қаламызда көктемде үшінші толқын өтті, оған "альфа" штамы себеп болды. Қазір төртінші толқыннан шықтық, оған "дельта" штамы себеп болған еді. Келешекте бізде толқын кезінде ауру өршуі мүмкін емес", - деп жауап берді Бекшин.

 
Оның сөзінше, қалада ауа райының суытуына байланысты аурушаңдық деңгейі аздап көтерілуі мүмкін. Себебі көп тұрғын жабық ғимаратта жұмыс істейді.

“Жалпы бұл мәселе бізде қатаң бақылауда тұр”, -  деді Бекшин.

Айта кетері, 2020 жылдың жазында және 2021 жылдың басында қалада "ухань" штамына байланысты екі толқын болды. 2021 жылдың көктемінде "альфа" штамынан кезекті толқын туындады. 19 шілдеде "дельта" штамынан туындаған инфекцияның ең ауыр толқыны басталды.

Қалада жыл басынан бері 152 мыңнан астамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 19 шілдеден 6 қазанға дейін 85 000 жағдай тіркелген.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаевтың сөзінше, коронавирус басталғалы қалада инфекциядан 2 990 науқас көз жұмғанын айтты.