Ел жаңалықтары

Алматыда күйеуі әйелін өлтіріп қойды: Ер адам қылмысын жасыру үшін әйелдің денесін Үлкен Алматы каналына тастаған

  • Алматыда күйеуі әйелін өлтіріп қойды: Ер адам қылмысын жасыру үшін әйелдің денесін Үлкен Алматы каналына тастаған

    Алматыда күйеуі әйелін өлтіріп қойды: Ер адам қылмысын жасыру үшін әйелдің денесін Үлкен Алматы каналына тастаған

Алматы облысының тұрғыны әйелін өлтіріп, өзінің қылмысын жасыру үшін оның денесін Үлкен Алматы каналына  тастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Спутник Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Әйелдің денесі 12 қыркүйекте Еңбекшіқазақ аймағындағы Ават ауылының маңынан табылды. Әйелдің денесінде қатты соққылардан көгерген іздер қалып қойған. Кейінірек сарапшылар жәбірленушіде бірнеше қабырғасының сынуы мен травматикалық шок белгілерін анықтаған.

 Қайтыс болған әйел 37 жастағы Талғар елді мекенінің тұрғыны болып шықты. Қылмысқа күдікті ретінде оның күйеуі ұсталды.

Тәртіп сақшылары қылмыстың 6 қыркүйекте отбасылық жанжал кезінде жасалғанын ашты. Күйеуі алдымен әйелін ұрған, содан кейін оның денесін арбамен алып шығып, Үлкен Алматы каналына тастаған.

Күдікті қазір қамауда. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды, деп мәлімдеді Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.




Көрілген: 195    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.09.2021, 22:15

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31