Ел жаңалықтары

Алматыда медициналық қызметкерлер хәл үстінде жатқан науқастың картасынан ақша алып, жұмсап жүрген

  • Алматыда медициналық қызметкерлер хәл үстінде жатқан науқастың картасынан ақша алып, жұмсап жүрген

    Алматыда медициналық қызметкерлер хәл үстінде жатқан науқастың картасынан ақша алып, жұмсап жүрген

Алматылық Наталья Савельева жұқпалы аурулар ауруханасының қызметкерлері реанимация бөлімінде жатқан анасының телефонын пайдаланып, төлем картасын жасады деп дабыл қақты. Карта арқылы соңғы сауда 71 жастағы науқас қайтыс болған күні жасалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.

Наталья Савельеваны анасының өлімі қатты күйзелткен, алайда кейінірек ол тағы да соққы алады. Инфекциялық ауруханада оған анасының киімдерін табыстаған. Алайда 71 жастағы Галина Николаевнаның телефоны блокталған және төлем картасы болмай шыққан. 

 
Кейінірек Наталья анасы ИВЛ аппаратында жатқан кезде, біреу оның атынан сауда жасағанын, әлеуметтік желіде оның атынан отырғанын анықтаған. 

Сегіз күн ішінде картадағы барлық сома жүз мың теңге құртылған. Барлығын анықтау үшін телефонды қосу мүмкін болмай жатыр.

“22 қарашадан бастап оның картасынан транзакциялар үнемі өткізіліп тұрған. Соңғы төлем ол қайтыс болған күні 30 қарашада жасалды. Наталья полицияға арыз жазған. Оның айтуынша, анасы жатқан реанимация бөлімшесінің санитары ұсталды. Санитар картаны тауып алғанын, содан кейін оның реанимацияда жатқанына көзін жеткізіп ал ғанын айтты”, – дейді Наталья Савельева. 

Оның айтуынша, санитар жалғыз әрекет етпеген.

“Кезек ауысқан, кілттер ауысқан дейді, бірақ мен сеніп отырған жоқпын. Бұған кім жауап береді. Оларда дайын жүйе бар сияқты. Телефон блокталады, картаны алып, оны қолдана береді”, – дейді марқұмның анасы.

Полиция "Ұрлық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

“Аталған қылмысты жасады деген күдікпен 1998 жылы туған азамат ұсталды. Құжаттар мен заттар, банк картасы алынып, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде кешенді шаралар жүргізілуде”, – деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ. Олар тергеудің аяқталуын күтуді сұрап отыр. 

Натальяның дәрігерлерге қояр сұрақтары көп. Дәрігерлер нұсқауымен барлық дәрі-дәрмектерді сатып алса да, анасының жағдайы нашарлай берген.

Сондай-ақ, ол пневмониямен түскен, бірақ ПТР нәтижесі теріс болған анасын не себепті жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылғанын түсінбей дал. Наталья Денсаулық сақтау министрлігіне көмек сұрауға ниетті. Ол қызметкерлердің теріс әрекеттері үшін Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының басшылығы жауапты болуы тиіс деп санайды.




Көрілген: 320    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.12.2021, 09:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қаңтар, 01:51
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31