Алматыда науқасты ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады – видео

13 наурыз 2021, 16:31

Жедел жәрдем бригадасы апат болған кезде науқасты ауруханаға апара жатқан. Кейінірек пациентті әкету үшін оқиға орнына басқа дәрігерлер келді
Алматыда Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

https://www.instagram.com/sputniknewskz/?utm_source=ig_embed
Жедел жәрдем көлігі Байтұрсынов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Жамбыл көшесімен қиылыста бағдаршамның қызыл түсінен өткен. Айта кету керек, жедел жәрдем көлігі қозғалысты жалғастыру үшін велосипед жолағына шыққан.  


© SPUTNIK / СТРИНГЕР
Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында жедел жәрдем көлігі таксимен соқтығысты


Осы кезде Chevrolet Ravon көлігі Жамбыл көшесімен жасыл түске жүрген, оның жүргізушісі дер кезінде тоқтап үлгермей, көлік құралына соғылған. Chevrolet жүргізушісінің айтуынша, ол сиренаны естімеген.

Ақтөбе маңында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: қайтыс болғандар бар

Соққыдан жеңіл көлік бұрылып кетті, ал жедел жәрдем бордюрге соғылып тоқтады.

Кейінірек науқасты алып кету үшін апат орнына басқа медициналық бригада келді. Жеңіл көліктің жүргізушісін дәрігерлер тексерді, ол ауруханаға жатудан бас тартты.