Алматыда найзағай түсуі мүмкін

30 сәуір 2022, 21:05

«Қазгидромет» РМК-ның 30 сәуірдегі дауылды ескертуінің негізінде 1 мамыр күні Алматы облысындағы Алакөл көлінің аумағында оңтүстік-шығыстан жел соғуы мүмкін.

"Желдің екпіні секундына 24-29 метрге дейін жетеді. Сонымен қатар таулы аудандарда күн күркіреп, найзағай түсуі ықтимал", - делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, ТЖД тұрғындарды ауа райының өзгеруін бақылауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.  «Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз», - деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметінен. Бұған дейін Атырауда шаңды дауыл соғып тұрғаны хабарланған.

24.kz