Алматыда нөсер жаңбырдың жауу ықтималдылығына байланысты ескерту жасалды

12 наурыз 2022, 19:45

"Қазгидромет" Алматыда 13 наурызда күндіз қатты нөсер жауады деп ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қауіпсіздік мақсатында ТЖД мынандай шаралар қабылдауды ұсынады:

  • балконнан қажетті заттарды алып тастау;
  • үйлердің қабырғаларына жабысып, тығылмау;
  • үйден шығарда терезелерді жабу;
  • барлық электр құрылғыларын сөндіріп, ажырату;
  • көлік терезесінде желден қорғаныс затын пайдалану;
  • су өткізбейтін киім мен аяқ-киім кию;
  • автономды жұмыс істейтін жарықты қамсыздандыру (май шамдар, керосин шамдары);
  • көлікті автотұраққа немесе ағаштардан қауіпсіз қашықтықтағы алаңқайға қою;
  • төтенше жағдайлар туралы SMS-хабарламаларға назар аудару және БАҚ-тағы ақпараттарды жіті қадағалау.