Алматыда "омикрон" штамына байланысты локдаун енгізіле ме: Бекшин жауап берді

10 желтоқсан 2021, 18:24

“Алматыда әлі омикрон штамының бір де бір оқиғасы тіркелген жоқ. Сондықтан бұл мәселе әлі талқыланған жоқ. Алматыда қазір локдаун енгізуге ешқандай себеп жоқ. Өйткені біз “жасыл” аймақтамыз. Сол себепті де бұл мәселе қарастырылған жоқ. Аурушаңдық көп тіркеліп, қаламыз “қызыл қою” аймаққа өтсек сол кезде ғана бұл мәселе талқыланатын болады”, – дейді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ, Бекшин Ресей мен Таиландта “омикрон” штамының табылуына байланысты аталған елдермен әуе рейстерін тоқтату мәселесі әлі де белгісіз екенін айтты. 

Айта кетсек, Қазақстан "Омикрон" штамының таралуына байланысты 3 желтоқсаннан бастап Египетпен әуе қатынасын тоқтатты. Сондай-ақ Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап жаңа шектеу шаралары енгізілді.

Еске сала кетсек, Ресейде коронавирус инфекциясының омикрон штамын жұқтырудың алғашқы жағдайлары анықталғанын хабарлаған болатынбыз.