Ел жаңалықтары

Алматыда өрт және жарылыс болды

  • Алматыда өрт және жарылыс болды

    Алматыда өрт және жарылыс болды

Алматы қаласында  26 мамырда таңертең Әуезов ауданындағы Мұстай Кәрім көшесінің бойында өрт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық төтенше жағдайлар бөліміне сілтеме жасап.

"Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері осы өртке жұмылдырылды. Алдын-ала болжам бойынша жиһаз цехы өртеніп жатыр, жарылыс болды, себептері анықталуда. ҚР ІІМ ТЖК авиациясына ескерту жасалып жатыр", - делінген хабарламада.

 

Кейін төтенше жағдай туралы жедел ақпарат келіп түсті. "26 мамырда сағат 05:12-де төтенше жағдайлар департаментіне Әуезов ауданында түтін пайда болғандығы туралы хабарлама келіп түсті, алғашқы өрт сөндіру топтары жеті минуттан кейін жиһаз шеберханасына келгенде, цехта сақталған кесілген ағаш пен "Foton Aumark" маркалы автокөлік ашық отпен жанып кетті.

Жеке тұрғын үй секторына оңтүстіктен таралу қаупі болды. Өрт сөндіру техникасы мен жеке құрам жоғарылатылды. Жедел штаб жедел әрекет ету қызметінен құрылды, оңтүстік-шығыстан және оңтүстік-батыстан екі ұрыс алаңы орналастырылды, ІІМ ТЖМ ұшақтары ескертілді. Әуезов ауданының полиция бөлімі оқиға орнын жауып тастады.

Жедел шаралар бойынша өрт сағат 6:00-де жалпы алаңы 970 шаршы метрді құраған жерде сөндірілді. Сантехникалық жабдықтарды сататын көрші үй-жайларды қорғауға, тұрғын үйлерге өрттің таралу қаупін жоюға мүмкіндік туды. ІІМ авиациялық штабы өрт сөндіруге қадет болмады. 19 техника, 65 қызметкер және өзара әрекеттесу қызметі орнында жұмыс істейді. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады департамент.

 

 




Көрілген: 513    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.05.2020, 09:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек, 10:36
    Өскеменде жарылыс болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30