Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда пәтерден әйел мен екі баланың мәйіті табылды

07 тамыз 2022, 13:03

Алматыда тұрғын үйлердің бірінің пәтерінен әйел мен екі баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 6 тамыз күні жедел басқару орталығына "Мамыр" шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйел мен оның 2015 жылғы және 2020 жылы туған балаларының денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.

"Материалды жинаудың толықтығын қамтамасыз ету және адамдардың өлімінің мән-жайын анықтау мақсатында тергеу-жедел тобы шықты. Оқиға орнына келген полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров тергеу барысын өз бақылауына алды",- деп хабарлады ведомстовадан.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде жас әйел мен екі баланың денесін іссапардан оралған күйеуі тапты деген ақпарат тараған болатын. Сондай-ақ анасының балаларымен бірге өз-өзіне қол жұмсағаны айтылуда.