Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда полиция қабіршілерді не үшін қамауға алды - видео

21 шілде 2020, 10:51

Қазіргі уақытта жәбірленушілер мен күдіктілердің қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатырқаны хабарланды

Алматы қаласының полицейлері зираттың екі қызметкеріне қатысты тергеу бастады. Екеуі де жерлеу жұмыстары үшін қосымша 70-80 мың теңгені заңсыз талап еткенін мойындады, деп хабарлайды Polisia.kz

Ішкі істер бөліміне сегіз адам арызданып келген. Олардың айтуынша, зират қызметкерлері жерлеу жұмыстарының ақшасынан бөлек тағы 70-80 мың теңгеге дейін қосымша ақы талап еткен. Қабіршілер түбіртекті де бермеген. Сөйтіп, ақшаны заңсыз иемденген. 

"Жақын адамдарынан айырылып, қайғы-қасіретке душар болғандар тек материалдық қана емес, моральдық тұрғыда да зардап шекті. Қабылданған шаралар нәтижесінде полиция қызметкерлері өз іс-әрекетін мойындаған екі тұрғынды анықтап, қамауға алды", - дейді тергеушілер. 

 

Қазіргі уақытта жәбірленушілер мен күдіктілердің қатысуымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Осының нәтижесінде әрбір кінәлі адамның іс-әрекетіне жеке-жеке құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар, жерлеу кезінде ақшаны заңсыз жинаудың алдын алу үшін басқа да жерлеу орындары тексеріледі.