Алматыда салмағы 6 келіден асатын қыз бала дүниеге келді

17 мамыр 2022, 19:04

Дәрігерлер мұндай алып қыз туылады деп күтпеген. Сәбидің анасы Инабат Қостанбай 23 жаста, өз күшімен босанған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы қаласындағы №2 перзентхананың неонатология бөлімінің меңгерушісі Диляра Сыртанова:  

 

–  УДЗ арқылы ұрықтың төрт келіден жоғары екенін көрдік, бірақ УДЗ-мен нақты салмақты анықтау мүмкін емес. Сырқатнамаға біз болжаммен 4290 келі деп жаздық. Кесарь тілігінсіз босандыруды шештік. Табиғи жолмен босануға жіберілмейтін белгілер бар. Біздің жағдайда мұндай белгілер болған жоқ. Әрине, әйелдің бұрын да босанғанын және оның бірінші баласының салмағы да аз емес, 4 келі 50 грамм болғанын ескердік.

 

Босанғаннан кейін қыз он күн бойы қарқынды терапия бөлімінде дәрігерлер мен медбикелердің тәулік бойы бақылауында болды. Одан соң тоғыз күн бойы анасымен бірге жаңа туылғандар бөлімшесінде жатты.

 

Диляра Сыртанова:  

 

– Мұндай жағдайлар біздің перзентханада ғана емес, қалада өте сирек кездеседі. Қазіргі уақытта анасы мен жаңа туған нәрестенің жағдайы жақсы, олар үйлеріне шығарылды.