Ел жаңалықтары

Алматыда сатылып жатқан корей кеспесі мен түрік печеньесі қауіпті деп танылды

  • Алматыда сатылып жатқан корей кеспесі мен түрік печеньесі қауіпті деп танылды

    Алматыда сатылып жатқан корей кеспесі мен түрік печеньесі қауіпті деп танылды

Тағам құрамындағы ГМО қатерлі ісіктің пайда болу қаупін күшейтіп, балалар мен жасөспірімдерде өсуді тежейді

Ұлттық сараптама орталығының мамандары Оңтүстік Кореядан Алматыға жеткізілген тез дайындалатын "Джин Рамен" кеспесі мен Butter Соокіеѕ Danish Pride деп аталатын түрік печеньесін тұтыну қауіпті деп таныды.

Аталған өнімдердің сынамасына зерттеу жүргізіліп, ГМО мөлшерінің шамадан тыс екені анықталған. Бұл туралы ұлттық сараптама орталғының баспасөз қызметі хабарлады.

Зертхана қызметкерлері аталған өнімдерді "Барыс-4" және "Ақбұлақ" көтерме сауда базарынан қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз сатып алған.

"Лабораториялық зерттеулер көрсеткендей, кеспедегі гендік түрлендірілген сояның құрамы 1,4%-тен 10,25%-ке дейін, ал печеньеде 47,75%-тен асқан. Сонымен қатар, өндірушілердің таңбаларында көрсетілген өнімдердегі гендік түрлендірілген ингредиенттердің құрамы туралы ақпарат жоқ", – делінген хабарламада.

Осы жағдайға байланысты қазіргі кезде сауда желісіндегі талапқа сай емес өнімдерді анықтау және оны сатудан алып тастау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

"Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес тамақ өнімдеріндегі ГМО құрамының рұқсат етілген нормасы 0,9%-тен аспауы тиіс.

Айта кетейік, тағам құрамындағы ГМО қатерлі ісіктің пайда болу қаупін күшейтіп, балалар мен жасөспірімдерде өсудің тежелуін, сондай-ақ аллергиялық аурулардың өршуін арттырады.

 




Көрілген: 263    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.09.2020, 12:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31