Алматыда сауда ойын-сауық орталығына барғандар эвакуацияланып жатыр

20 сәуір 2022, 15:27

Forum сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар бүгін түстен кейін Алматы полиция департаментіне түскен.

Forum сауда ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар бүгін түстен кейін Алматы полиция департаментіне түскен. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

"Мұндай хабарламаларға қатысты шара аясында эвакуациялық-тексеру ұйымдастырылды, саперлер жұмылдырылады", - деп хабарлады полиция.

Сауда орталығының келушілері мен қызметкерлері қауіпсіз жерге эвакуацияланды.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан