Ел жаңалықтары

Алматыда сел қаупі бар: Сағынтаев инфрақұрылымдық жобаларды тексерді

  • Алматыда сел қаупі бар: Сағынтаев инфрақұрылымдық жобаларды тексерді

    Алматыда сел қаупі бар: Сағынтаев инфрақұрылымдық жобаларды тексерді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында селден қорғайтын бөгеттер салынып жатқан жерлерде болып, өзен арналарын жақсарту және инженерлік коммуникациялар салу барысымен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

 
Мегаполис басшысы Есентай, Тіксай, Жарбұлақ өзендерінің жағалауларын қайта құру және абаттандыру барысын көріп шыққан.

«Гидротехникалық құрылысты қоса алғанда, өзен арналары ретке келтірілмек. Жағалаулар габионмен нығайтылып, қараусыз қалған учаскелерде жаяу жүргіншілерге арналған жолы бар жаңа қоғамдық кеңістік құрылады. Жүруге ыңғайлы жол жабындысы төселіп, қойылатын орындықтардың табиғи материалдан болуына мән бердім», - деді Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар, қала әкімі Үлкен Алматы мен Ақсай өзендері бассейндеріндегі бөгеттердің құрылыс алаңдарын қарап шықты. Оның мақсаты – қаланы селден қорғау. Бұл өзендердің бассейндерінде, тауларда қауіпті үш мореналық көл бар.

«Құрылыс жұмыстары кезінде көлік қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін. Жасыл экономика басқармасына жұртшылықпен бірлесіп, мәжбүрлі түрде кесілген жасыл желектің орнына өтемдік негізде егілетін жұмыстарды бақылауды тапсырдым», - деп атап өтті Алматы әкімі Б. Сағынтаев. 
Әкім Наурызбай ауданына қарасты Қарағайлы ықшам ауданындағы Тәжиев көшесінің бойымен Қарғалы өзені арқылы өтетін көпірдің жөндеу жұмысын, Ақжар мен Тастыбұлақ ықшам ауданындағы инженерлік желілердің де құрылысын көріп қайтты.

Қала әкімі Б. Сағынтаев тұрғындармен кездесіп, мәселені жеке бақылауына алатынын айтты. Жоба толық аяқталысымен жолдар қалпына келтіріледі. Сумен жабдықтау және су бұру желілерін жүргізу жұмыстарының сапасына ерекше мән беріледі. Тұрғындар үнемі хабардар болып отырады.

«Қазгидромет» РМК ескертуі негізінде Алматы қаласы ТЖ Департаменті қар көшкіні қаупі туралы хабарлайды. Қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында биыл 05-06 наурыз аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін.

Қазір қалада «Көктем» командалық-штабтық оқу-жаттығуы жүріп жатыр. Оған  қаланың азаматтық қорғау қызметтерінің және әскери бөлімдердің әскери қызметшілерінен 102 адам, 18 бірлік техника жұмылдырылды.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы




Көрілген: 365    Пікірлер: 0

жұма, 05.03.2021, 10:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30