Ел жаңалықтары

Алматыда студенттерге арнап 30 жатақхана салынады

  • Алматыда студенттерге арнап 30 жатақхана салынады

    Алматыда студенттерге арнап 30 жатақхана салынады

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, &ldquoЕлбасының бес әлеуметтік бастамасы&rdquo аясында жатақхана құрылысының барысы қаралды. Басты міндет &ndash студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту, студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету.

Алматыда 6 жатақхана пайдалануға берілді, 2 нысан құрылысы жүріп жатыр, 2022 жылдың басында аяқталады. Сонымен қатар 30 жатақхана құрылысы бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа нысандарды салу үшін барлығы 22 жер учаскесі анықталды. Алматыда жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 16 мыңнан астам төсек-орын құру жоспарланып отыр.

Кеңеске Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Халықаралық бизнес университеті (UIB), Каспий қоғамдық университеті, Дінмұхамед Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының, Қаныш Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Алматы технология университетінің басшылығы қатысып, сөз сөйледі.

Кеңес қорытындысы бойынша әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров тиісті басқармаларға &ldquoХалық үніне құлақ асатын мемлекет&rdquo тұжырымдамасының қағидаттарын ескере отырып, жатақханалар салу жөніндегі жобаларды іске асыру, сонымен бірге рәсімдік мәселелерді жеделдету және жоспарланған объектілерді уақтылы және сапалы пайдалануға беруді қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

Еске салайық, жатақхана құрылысы инвесторлардың қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр. Білім және ғылым министрлігінің шешімдеріне сәйкес, нысан пайдалануға берілгеннен кейін 8 жыл ішінде инвесторлар үшін инвестициялардың қайтарымы регламенттелген. Осыған байланысты пандемия және инвесторлардың экономикалық қиындықтары жағдайында құрылыс мерзіміне өзгерістер енгізілді.

baribar.kz




Көрілген: 402    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.02.2021, 02:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30