Ел жаңалықтары

Алматыда танымал мейрамхана желісінің иесі санитарлық дәрігердің қаулысын орындаудан бас тартты

  • Алматыда танымал мейрамхана желісінің иесі санитарлық дәрігердің қаулысын орындаудан бас тартты

    Алматыда танымал мейрамхана желісінің иесі санитарлық дәрігердің қаулысын орындаудан бас тартты

Танымал мейрамхана желісінің негізін қалаушы, кәсіпкер Гүлбану Майғарина карантиндік шектеулерді орындамайтынын мәлімдеді. Кеше Нұр-Сұлтан қаласында карантин талаптары күшейгенін естіген кәсіпкер бұл күннің Алматыға да келетінін, ондай жағдайда санитар дәрігердің қаулысын орындаудан бас тартатынын жазды. Ал бүгін Алматының бас санитар дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова тиісті қаулыға қол қойған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 
Өзінің ресми мәлімдемесін кәсіпкер Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Кәсіпкердің айтуынша, коронавируспен бірге өмір сүруді үйренетін уақыт жетті. 

"Үйде отыру немесе қоғамдық орынға бару - әрбір қала тұрғынының таңдауы әрі жауапкершілігі. 

Бюджеттің ақшасын бүкіл жерге таралған вируспен күреске емес, халықтың иммунитетін көтеруге жұмсау керек. Одан тіпті, үйден қашып құтыла алмайсың. 

Оның арты неге апарады? Кәсіпкер күнін көріп, отбасын асырап, бизнесін сақтап қалуы керек. Оның міндеттерін ешкім алып тастамайды. Әрі кетсе төлем жасаудың уақытын кері шегереді. Ал ол тағы да жемқорлықты дамытуға мүмкіндік", - деді Майғарина. 

Айтуынша, бизнесін сақтап қалғысы келетін кәсіпкерлер карантиндік шектеулер енгізілгенде жасырын жұмыс істейді. – Ол үшін, қажетті адамдардың қалтасын толтырады, деп ашық мәлімдеді Майғарина. 

Кәсіпкер санитарлық дәрігердің қаулысын орындамайтынын ресми түрде мәлімдеді. 

"Менің есіктерім ашық қалады. Барлық санитарлық талаптарды сақтаймын, бірақ жұмыс істеймін. 

Үкіметте отырған ақылдылар алдымен менің қарыздарымды жауып, мұндай шектеулерден қалай аман шығатынымды айтып, нақты алгоритмдер берсін, сонда мен де өз елімнің талапқа бағынатын азаматшасы боламын", - деді Майғарина. 

Кәсіпкер енгізілген шектеулердің халық үшін емес, статистика үшін жасалатынын кесіп айтты. 

"Барлығының шегі бар. Менің 1200 қызметкерім бар. Оған олардың отбасы мүшелерін қосыңыз. Және бұл тек қана Lanzhou. Бүкіл шағын және орта кәсіпті санасақ ше?" - деген Майғарина өзге кәсіпкерлерден өзін қолдауды сұрады. 

"Эмоция үшін кешірім сұраймын, бірақ әдемі сөйлеуге енді күшім жоқ. Осы екі жылда қолдау ретінде бір теңге де алған жоқпын. Бүгін де сұрамаймын. Тек жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіздер", - деп түйіндеді сөзін ол. 

Айта кетейік, бүгіннен бастап Алматыда карантиндік талаптар күшейтілді. Ол бойынша, қоғамдық тамақтану объектілерінде бір үстелге келушілер саны 4 адамға дейін (әртүрлі үй шаруашылықтарынан) қысқартылды. Шектеулердің толық тізіммен мына сілтемеге өту арқылы таныса аласыз.




Көрілген: 503    Пікірлер: 0

жұма, 14.01.2022, 16:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31