Ел жаңалықтары

Алматыда төрт тегін мұз айдыны ашылады

  • Алматыда төрт тегін мұз айдыны ашылады

    Алматыда төрт тегін мұз айдыны ашылады

 Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев дайындық жұмыстарының барысын тексеріп, мұздың сапасы мен ілеспе сервистік инфрақұрылымын дұрыстау жөнінде бірқатар ескертулер жасады.

Бүгін Алматы әкімі Б. Сағынтаев жұмыс сапарымен қаладағы мұз айдындарының дайындық барысын тексерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл қыста Алматыда төрт тегін, яғни әлеуметтік мұз айдыны ашылады.

Сырғанау алаңдары: 28 панфиловшылар саябағында, Тұңғыш Президент бағында, сондай-ақ, Наурызбай мен Түрксіб аудандарында және «MART» ойын-сауық орталығында іске қосылады.

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев дайындық жұмыстарының барысын тексеріп, мұздың сапасы мен ілеспе сервистік инфрақұрылымын дұрыстау жөнінде бірқатар ескертулер жасады.

«Мұздың сапасын ретке келтіріп, конькиді жалға беру мен тамақтанатын орындарды дұрыс жолға қойып, демалу орындары мен санитарлық аймақтарды ойластыру керек. Мұз айдыны кез келген жастағы келушілер үшін қауіпсіз және ыңғайлы болуы тиіс», — деп мердігер компания өкіліне айтқан қала әкімі Б. Сағынтаев, әлеуметтік дегеніміздің сапасыздық емес екендігін ескертті.

Мұз айдынының жалпы ауданы 12 мың шаршы метр. Алаңдағы мұз табиғаттың күрделі жағдайына байланысты болмайды. Айдындар арнайы жүйемен салқындатылады. 28 Панфиловшылар саябағы мен Тұңғыш Президент бағындағы мұз айдыны мұз алаңдары түрінде жасалған.

Сапар қорытындысы бойынша қала әкімі Б. Сағынтаев жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарларына, аудан әкімдері мен тиісті басқармаларға қалалық мұз айдындарының техникалық дайындық барысын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Almaty.tv.




Көрілген: 268    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.12.2019, 19:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31