Ел жаңалықтары

Алматыда тозығы жеткен үй опырылды

  • Алматыда тозығы жеткен үй опырылды

    Алматыда тозығы жеткен үй опырылды

Алматыда жер үйдің қабырғасы қирап, опырылып түсті. Жетісу ауданында құлаған үйден адамдар дер кезінде шығып үлгерген. Теңселіп тұрған баспанасынан шыққанан кейін, небәрі 5 минуттан соң жермен-жексен болған, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.


Қираған үй мен кірпіштердің астында көпбалалы отбасының барлық жиһаздары мен жабдықтары қалып қойған. Ең бастысы, отбасы мүшелері зардап шекпепті. Апаттық жағдай кешкі сағат 18.00 шамасында орын алған. Құлауға шақ тұрған үйдің ішінде дәл сол сәтте кішкентай балалар болған екен. Көпбалалы ананың айтуынша, балаларын бір құдірет құтқарып қалған. Апатты жағдайдың орын алғанынан зардап шеккен тарап көршісін кінәлап отыр. Себебі жартылай қираған үйді ұзақ уақыттан бері екі үй иесі бөлісіп келген екен. 60-жылдары салынған тұрғын үйдің бір бөлігі, құжаттарға сәйкес, Елена Горбатиковаға тиесілі. Кеңес заманында әйел тұрғын үйдің жалғыз иесі болыпты. Бірақ 1996 жылы үй иесі үйдің жартысын көп балалы отбасы - Молдасановтар әулетіне сатқан екен. Алайда, мәміле рәсімделмепті. Бірнеше жылдан кейін үй иесі көршілердің қарсылығына қарамастан, ғимараттың бір бөлігін бұзуға шешім қабылдапты. "Жылжымайтын мүліктің заңды иесі орын алған оқыс оқиға үшін өзін ешқандай жауапты санамайды және шығынды өтеуден бас тартып отыр", - дейді зардап шегуші Алтынкүл Молдасан. "Бұл жерде менің кінәм жоқ. Тұрғындар менен құлаған үй үшін материалды шығынды талап етуде. Бірақ ол ортақ қабырға болатын, түсінесіз бе?", - деді үй иесі Елена Горбатикова. Қазіргі таңда көпбалалы Молдасановтар отбасы Алматы облысындағы туыстарының үйінде уақытша тұрып жатыр екен. Бірақ жақын арада пәтер жалдап тұруға мәжбүр болып отыр. Балалары қалалық мектепке қатынайды. Тұрғын үйдің қирау мәселесіне жергілікті әкімшілік тікелей араласпады, әкімдік өкілдері құрылыс қоқыстарын жинауға техника беріп, құқық белгілейтін құжаттарды рәсімдеуге көмектесуге уәде берді. "Үйдің құлағанын туралы естігеннен кейін Жетісу ауданының әкімдігі құрылыс қоқыстарын жинауға көмек көрсетуге бригада жіберді. Сонымен бірге осы учаскелік меншіктің иесі туралы ақпарат алынды. Өкінішке орай, оларда 1997 жылдан бастап осы мүлікті сатып алу құқығы бойынша мәміле аяқталмауына орай үлкен проблема болған. Мәміле аяқталмаған. Отбасының құқықтарын белгілейтін құжат ретінде қолхат қана берілген. Бүгінгі күні мәмілені аяқтау бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді", - деді Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Әлішер Сатыбалдиев. Жетісу ауданында барлығы 20 мыңға жуық жеке тұрғын үй бар. Олардың қайсысы апатты жағдайда екені белгісіз. Жергілікті әкімшілік мұндай жер үйлерді есепке алып, мониторинг жүргізбейді, тек көп қабатты ескі үйлер бойынша жүргізіледі екен. Егер құрылыс жекеменшік болса, онда оған жеке меншік иелері ғана жауап береді. Ал Молдасановтардың жанұясы барлық жанашырларға тұрғын үйді қалпына келтіруге немесе жаңасын салуға көмектесуді сұрайды. 




Көрілген: 337    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 25.09.2019, 11:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 18:51
    Петропавлға қар жауды
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31