Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда үш балдық жер сілкінісі сезілді

29 қараша 2012, 14:48

Кеше алматылық тұрғындар жергілікті уақытпен 11:30 шамасында жер сілкінгенін сезінді. Мамандар бұл Қырғыз Республикасы аумағында болған қуатты тербелістің әсері деп отыр.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мамандарының хабарлауынша, магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі Қырғызстан аумағында бол­ған. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 163 шақырым жерде анықталды. Жерасты дүм­пу­лерінің әсері оңтүстік астанамызда MSK-64 шкаласы бойынша үш балл түрінде байқалды. Мамандар жер сіл­кінісінің ғимараттар мен адамдарға әсері бол­ма­ғанын хабарлайды. Алматы тұрғындарының қуатты сейсмикалық тербелісті биыл маусымның 21-інен кейін екінші рет сезініп отырғанын айта кету керек. Ал қарашаның 17-21-і күндері жер сілкінісі Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалған болатын.