Ел жаңалықтары

Алматыда үш жігітті қаққандардың көліктері табылды

  • Алматыда үш жігітті қаққандардың көліктері табылды

    Алматыда үш жігітті қаққандардың көліктері табылды

Алматы полицейлері үш жігітті әдейі қағу оқиғасына қатысы бар екі автокөлікті мамандандырылған автотұраққа орналастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметі.


Тергеу басқармасының мәліметі бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы, 3-бөлімі бойынша тергеліп жатқан қылмысты істің заттай айғағы ретінде екі көлік - ақ түсті Тoyota Camry мен қара түсті Toyota Avensis табылды. "Екі көлік құралы да қылмыстық зертханада тексерілді, адам қаққанының белгісі бар. Тиісті сараптама тағайындалды. Қазір көліктер мамандандырылған автотұраққа қойылды, қылмыс құралы болғандықтан оларды қолдануға тыйым салынды", - деді Алматы қалалық ПД тергеу басқармасы басшысының орынбасары полиция подполковнигі Думан Аухадиев. Сондай-ақ ол түнде полиция жедел бөлімінің қызметкерлері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны, 1995 жылы туған А. есімді азамат қолға түскенін айтты. Ол Toyota Camry маркалы көлікті тізгіндеген. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. "Қара түсті шетелдік көліктің жүргізушісі анықталды. Оны ұстау - уақыт еншісінде. Ол адамдарды қаққан Toyota Avensis көлігі табылды және тұраққа қойылды. Бұл іс барысында тергеу жан-жақты және әділ жүргізіледі", - деді подполковник Аухадиев.  




Көрілген: 769    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.08.2019, 11:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30