Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Алматыда ұшақтар әуежайға қона алмады

22 қаңтар 2011, 10:47

Кеше сырт елдерден Алматыға ұшып келген үш ұшақ қалың тұманға байланысты әуежайға дер кезінде қона алмады. Ертеңгілік Алматының аспанын бірнеше уақыт бойы айналып жүрген ұшақтар ақыры қосымша әуежайларға жіберілді. Бұл туралы «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-ның өкілдері мәлім етті.
Аспанда ұшақтардың әрекетінен қалған ақ жолақ шеңберлерді қала жұрт­шы­лығының көпшілігі байқаған болар. Әуежай өкілдері таратқан мәліметке қарағанда, Алматы әуежайы «3 А» ка­­те­­­­гориясына сәй­кес келеді. Бұл – өз кезегінде әуе көліктерін 175 метр қашық­тықтан көріп, өзіне қондыра алады деген сөз. Кеше таңертең ұшу-қону алаңында көру мүмкіндігі 75 метрден әрі аспады. Сондықтан үш ұшақты да қосымша әуе­жайларға қондыру туралы шешім қа­былданды. Түркияның Cтам­бұлдан ұшып келген әуе лайнері – Бішкектегі қосымша әуежайға, Прагадан келген ұшақ Ташкентке жіберілді. Ал Гонкогтан келген жүк ұшағы Астанаға қонды. Барлық ұшақ­тар жанар-жағармай құйып алған соң, Алматыға қайтып ұшып келеді. «Ұшақтар екі сағаттан кейін қайтып Алматыға оралады. Онда қанша жолау­шының бар екенін ұшақтар жерге қонғанда айтамыз. Қазіргі уақытта тұман басылып, әуежайдан ұшақтар күнделікті тәртіп бойынша ұшып жатыр»,– деді компания өкілдері.