Ел жаңалықтары

Алматыда вакцина алғандар арасында 100 мың теңгенің сертификаты ойнатылды

  • Алматыда вакцина алғандар арасында 100 мың теңгенің сертификаты ойнатылды

    Алматыда вакцина алғандар арасында 100 мың теңгенің сертификаты ойнатылды

Алматыда вакцина алған тұрғындар арасында 100 мың теңгенің ақшалай сертификаттары ойнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шара 14 маусым күні «МАРТ» сауда орталығында өтті.

Вакцинаның бірінші компонентін алғандар 10 мың мен 100 мың теңге сомасында ақшалай сертификаттар алу үшін бақ сынасты.

«КазФерроСталь» ЖШС директорының орынбасары Төлеген Тәжібаев зауыт жұмысшыларының басым бөлігі өз еркімен коронавирусқа қарсы екпе алғанын айтты.

«Індетті тоқтату керек. Барлығына вакцина қажет, бұл – әркімнің өзі және басқалар үшін жауапкершілігі. Ұжымдық иммунитетті қалыптастырып, вирусты жою қажет. Сондықтан барлығының вакцина салдыруға қатысуы өте маңызды», - деді Төлеген Тәжібаев.

Бас жүлдені- 100 мың теңгенің сертификатын Ж. Шайхиев алды, 10 мың теңгенің сертификаттарын А. Тұрғанбаева, Ж. Қалиева, Ж. Кутулуков, Е. Жақсылықов және А. Камал жеңіп алды. «Коронавирус – өте қауіпті ауру.

Көптеген таныстарым ауырды. Сондықтан мен вакцина аламын, өйткені өз денсаулығыма алаңдаймын. Вакцина алған кезде маған сыйлықтар беретінін айтты, жүлделі боламын деп ойламадым», - деді қала тұрғыны.




Көрілген: 593    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 00:36

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31