Алматыда заңсыз жұмыс істеген майнингтік ферма анықталды

19 ақпан 2022, 17:20

Алматыда заңсыз жұмыс істеген майнингтік ферма анықталды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «ҚМА-ның Алматы бойынша аумақтық департаменті қала прокуратурасымен бірлесіп, ҚР заңнамалық актілерінің нормаларына қайшы цифрлық майнинг қызметін жүзеге асырған Алматы индустриялық аймағының аумағында орналасқан майнингтік ферманы анықтады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды», - делінген агенттік хабарламасында.
Тергеу сотының санкциясымен тінту жүргізу барысында алты контейнерден майнингтік ферма табылды, онда сандық криптовалюта өндірісіне арналған шифрлаушы кешені бар 700-ден астам жабдық табылып, тәркіленді.