Алматыда заңсыз салынған «Жайсан» тұрғын үй кешені сүріледі

27 шілде 2022, 13:42

Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Наурызбай ауданы Ақжар шағын ауданындағы "Жайсан" тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр. Соттың шешімімен, аталған тұрғын үй сүрілетін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы қалалық әкімдігіне сілтеме жасап.
Бұған дейін нысанда тексеру жүргізіліп, тапсырыс беруші ҚР ӘБтК-нің 316 бабы 1-бөлігі, 321 бабы, 463 бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арыз жолдады. Бүгінде талап арыздар қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енеді деп күтілуде.