Ел жаңалықтары

Алматыда зейнеткер төрт немересімен жерасты тұрағын паналауға мәжбүр

  • Алматыда зейнеткер төрт немересімен жерасты тұрағын паналауға мәжбүр

    Алматыда зейнеткер төрт немересімен жерасты тұрағын паналауға мәжбүр

Алматылық зейнеткер мүгедек қызы мен төрт немересімен бірге қаладағы  жерасты тұрағында өмір сүреді.  Отбасы кішкентай бөлмені паналауға мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

68 жасар Дариға Қасымованың айтуынша, төрт жыл бұрын ол алаяқтардың арбауына түскен. Соңғысы алаяқтықпен оның құжаттарын алып, үйді банкке кепілге берген. Сот шешімінің нәтижесінде зейнеткер баспанасыз қалған.

 

"Менен басқа әйел тағы 69 адамды алдағанын білдім. Нәтижесінде оны алаяқтық үшін түрмеге отырғызған. Ал мен үйімнен айырылып қалдым. Таныстарым арқылы осы тұраққа күзетші қажет екенін білдім. Бақытымызға орай, мені жұмысқа алды. Мен зейнеттемін ғой. Сосын осында тұруды сұрадым. Осылай тұрып жүрміз. Бір жыл өтті", - деді Дариға Қасымова.

Оның айтуынша, ол тіркелген жері бойынша әкімдікке бірнеше рет жүгінген, бірақ нәтиже шықпаған.

"Мен Медеу ауданында тіркелгенмін. Онда күтіңіз деп айтады. Күтеміз, басқа амал жоқ. Пәтер жалдау тым қымбат", - дейді зейнеткер.

Отбасына паналап жүрген тұрақ орналасқан Әуезов ауданының әкімшілігінде көмектесуге уәде берді.

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімдігінің әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Анжела Адамбаеваның айтуынша, шенеуніктер жағдайды анықтау үшін комиссиялық тексеріске барады.

"Бұдан әрі, біз өз тарапымыздан мүмкіндігімізше көмектесеміз", - деп сендірді Адамбаева.

 
 

 




Көрілген: 383    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.05.2020, 10:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Маусым, 09:49
    Балаларымен қауышты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30