Ел жаңалықтары

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында ерекше көпір салынады

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Әл-Фараби даңғылындағы ең ерекше жоба - ботаникалық бақ пен жоталарда салынатын жаңа саябақты байланыстыратын жасыл көпір. Бұл туралы Алматы әкімдігінің 2022 жылға дейінгі даму жөніндегі жаңа таныстырылымында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Әкімдік мәліметіне сүйенсек, жаяу жүргіншілер көпірі жасыл желекті қалыптастыратын қаладағы жаңа символға айналады. Көпір бақтың жалғасы болады. Оның ұзындығы - 350 метр, ал жаяу жүру бағыты - шамамен бір шақырым.

 

«Қаланың өзіндік ерекшелігін қалыптастыратын жаңа бірегей ұсыныс бар. 2010 жылы әл-Фараби даңғылының жоғары жағында спорт кешені салынды. Спорт кешенінің жанында Есентай өзені, ботаникалық бақ, университет, дүкендер, бизнес орталықтар, кластерлер сияқты маңызды нысандар орналасқан. Сол себепті, спорт кешені аумағында жаңа рекреациялық аймақ құру ұсынылады. Бұл аймақ шамамен 60 гектарды құрайды», - деп атап өтті қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская.

 

Жаңа қоғамдық кеңістіктерді жобалау осы жылдың соңына дейін, іске асыру келесі жылға жоспарланған.

 

Әл-Фараби даңғылымен бірге Есентай өзенінің көрінісі де өзгереді. Мұнда көпір астындағы кеңістікті және жағалау аймағын абаттандыратын паркур орнын құру жоспарланған.

 

Әкімдіктің алдында Үлкен Алматы өзені арнасын абаттандыру бойынша маңызды жоспарлар тұр.

 




Көрілген: 261    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.04.2021, 17:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Мамыр, 19:58
    39 С ° ыстық болады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31