Ел жаңалықтары

Алматыдағы әрбір ағаштың төлқұжаты болады – Сағынтаев

  • Алматыдағы әрбір ағаштың төлқұжаты болады – Сағынтаев

    Алматыдағы әрбір ағаштың төлқұжаты болады – Сағынтаев

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы кезекті тікелей эфир барысында қаланы басқару жөніндегі цифрлы жобалар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Қоғамдық көліктердің қозғалысы жөніндегі ақпарат негізінде қалалықтардың белсенділік базасын қалыптастыру туралы шешім қабылданды. Бұл қала тұрғындарының қадамдық қолжетімді қызметтерге деген сұраныстарын орындау үшін қажет. Осылайша, қаланың жүктемесін жол инфрақұрылымын дамыту арқылы ғана емес, сонымен қатар әр ауданда тепе-тең бизнес ортаны құру арқылы жеңілдетуге болады.

Интерактивті картаны қалалықтарға қолжетімді ету жоспарлануда, бұл кәсіпкерлерге әлеуметтік-тұрмыстық немесе сауда нысандарын қай жерде ашуға болатынын өздерінің шешуіне мүмкіндік береді.

«Жасыл қала мәртебесін сақтау үшін әр ағаштың төлқұжатын әзірлеу бойынша құру жұмыстары жүруде. Бұл қаланың жасыл қорын тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Ол үшін екпелерді электрондық есепке алу жүйесі енгізілуде, 2,3 млн астам ағашты түгендеу және паспорттау жүргізілуде. Жүйе ағаш отырғызатын алаңдарға, оның ішінде өтемотырғызуға мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді», - деді Бақытжан Сағынтаев.
Алматыда цифрландыру дамыған кезде түрлі ақпараттық жүйелерден мәліметтер жинақталады, оларды қала игілігі үшін басқару керек. Осыған орай үш үлкен тапсырманы шешуге мүмкіндік беретін бірыңғай мәліметтер базасы жасалады, олар:

- алда тұрған міндеттерді шешу үшін басқарудың цифрлық негіздегі деректер базасын құру;
- қаланың түрді басқармалары арасында ақпарат алмасу жөніндегі жұмысты ыңғайлы және жылдам ету;
- АТ алаңы, қорғалған орта арқылы пайдаланушылардың мәліметтер негізінде жаңа жобаларды жасаулары үшін сыртқы пайдаланушыларға мәліметтер беру.




Көрілген: 608    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.06.2021, 22:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31