Алматыдағы Атакент көрме орталығы өртке оранды

18 мамыр 2022, 17:36

Алматыдағы Атакент көрме орталығының №9  павилионы өртке оранды. 
 
Алматы қаласы ТЖД Бостандық ауданы, Тимирязев к-сі 42 мекенжайы бойынша Күштер мен құралдар  жоғарғы ранг бойынша жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

Бостандық ауданы, Тимирязев к-сі 42  № 9 павилион аумағындағы Атакентте жану анықталды.Таралу қаупі жоқ. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, өрт сөндірудің екі учаскесі құрылды, Өрт оқпандары іске қосылды, автоцистерналар батыс және шығыс жағынан гидранттарға орнатылды,-деді ТЖД-ның ресми өкілі Гүлдана Нұрымбетова.
Алдын ала ақпарат бойынша павилион бос болған. Ғимарат қайта жөндеуде.


Өрттің таралу қаупі жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында 17 бірлік техника 50 адам л/с жұмыс істеді,-деді ТЖД өкілі.
Сондай-ақ ол өрт сағат 17. 11 минутта оқшауланғанын мәлімдеді.