Ел жаңалықтары

Алматыдағы атыс: Сағынтаев қаза тапқан полицейлердің отбасына пәтер кілтін табыстады

  • Алматыдағы атыс: Сағынтаев қаза тапқан полицейлердің отбасына пәтер кілтін табыстады

    Алматыдағы атыс: Сағынтаев қаза тапқан полицейлердің отбасына пәтер кілтін табыстады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қайғылы оқиғадан қаза тапқан полицейлердің отбасыларымен кездесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында қала әкімі қаза тапқан полицейлердің отбасына тағы да көңіл айтып, олардың әйелдеріне пәтер кілтін табыстады. Алматы әкімдігінің бастамасы сот шешімін орындау бойынша қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан полицейлердің отбасыларын қолдау мақсатында қабылданды.

Полиция капитаны Нұрбол Байғазиев ішкі істер органдарында 2014 жылдың қыркүйегінен бастап қызмет етті. 2021 жылдың 28 шілдесінен бастап Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарды. Оның артында 5 және 7 жастағы екі баласы қалды.

Полиция майоры Дархан Сүлеев ішкі істер органдарында 2003 жылдың қаңтарынан бастап қызмет етті. 2021 жылдың 20 тамызынан бастап Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарды.

Оның артында кәмелетке толмаған бес баласы қалды, олардың ең кішісі – 4, үлкені – 16 жаста. Байғазиевтің отбасы сияқты оның да жеке тұрғын үйі болған жоқ.

Алматы соты Ақбұлақта бес адамның өмірін қиған азамат пен оның әйелінің үйден шығару туралы шешімін 7 сәуірге шегерді
"Не себепті оның аты еш жерде аталмады": Алматыда атыс кезінде қаза тапқан бесінші адамның туыстары жанайқайын жеткізді
Еске сала кетейік, 20 қыркүйекте мегаполистегі шағын аудандарының бірінде үй иесі Игорь Дужнов аңшылық мылтықтан үйден шығару туралы сот шешімін орындауға келген адамдарға оқ жаудырды. Алматылық мерген бес адамды өлтірді. Қаза болғандардың арасында екі полиция қызметкері мен сот орындаушысы, сондай-ақ үйдің жаңа иесі және куәгер бар.




Көрілген: 360    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.10.2021, 13:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Желтоқсан, 11:26
    ТАРИХ ЖАСАҒАН ТҰЛҒА

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31