Ел жаңалықтары

Алматыдағы атыста қаза тапқан полицейлердің отбасына баспана беріледі

  • Алматыдағы атыста қаза тапқан полицейлердің отбасына баспана беріледі

    Алматыдағы атыста қаза тапқан полицейлердің отбасына баспана беріледі

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасымен министрдің орынбасары Мұрат Баймұқашев қаза болған полиция қызметкерлері Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиевтің отбасына барып қайтты, – деп жазады Polisia.kz.
ІІМ басшылығы, ішкі істер органдарының жеке құрамы атынан қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапқан полицейлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Ішкі істер министрінің қолдау хаты бойынша Алматы қаласының әкімдігі қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына тұрғын үй береді.
Сонымен қатар учаскелік инспекторлар «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция майоры Сүлеев Дархан Дауылбайұлы 1982 жылы туған.

ҚР ІІМ Алматы Академиясының магистратурасын бітіргеннен кейін 2003 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет етті. 2021 жылдың тамызында учаскелік инспектор болып тағайындалған еді.

ІІО қызмет еткен жылдар ішінде ол 6 марапатқа ие болды. «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» 3-дәрежелі медалімен, сондай-ақ, «Қазақстан полициясына – 25 жыл» төсбелгісімен марапатталды. Үйленген, кәмелетке толмаған бес баласы бар.

Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы 1988 жылы туған.

Ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері қызмет еткен. Ол 13 марапатқа ие. «Үздік құтқарушы жауынгер» және «Қазақстан полициясына – 25 жыл» төсбелгілерімен марапатталды. Үйленген, кәмелетке толмаған екі баласы бар.

Polisia.kz.




Көрілген: 434    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.09.2021, 14:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:44
    QAZFORUM-2021 БАСТАЛАДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31